Қазақстанда бір тәулікте 1200-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде, ең көбі Павлодар облысында тіркелді 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 1186 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өңірлер бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында -22763(+120), 
Алматы қаласында - 22551(+112), 
Шығыс Қазақстан облысында - 20534 (+64), 
Атырау облысында - 16335(+44), 
Павлодар облысында - 14538(+225), 
Қарағанды облысында - 14175(+79), 
Ақмола облысында - 11661(+164), 
Батыс Қазақстан облысында – 11395(+88), 
Солтүстік Қазақстан облысында - 11243(+64), 
Қостанай облысында - 10646(+83), 
Алматы облысында - 9556(+71), 
Шымкент қаласында -5914(+9), 
Жамбыл облысында - 5636(+22), 
Түркістан облысында - 4157(+9), 
Маңғыстау облысында - 4098(+17), 
Ақтөбе облысында -3993(+12), 
Қызылорда облысында -3630(+3). 

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 192 825 адамда тіркелді.