Нұр-Сұлтанда ардагерлерге арналған орталық ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай орталықтар зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға көмектеседі

Фото: instagram.com

Нұр-Сұлтанда Достық көшесіндегі 13 үйде ардагерлер орталығы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік нысандарды барлық жас санаттарын ескере отырып ашамыз. Аға буын орталықта спортпен тегін шұғылдана алады. Үстел ойындары да қарастырылды. Орталықта компьютерлік кабинеттер мен акт залы бар. Мұндай орталықтар зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға, басқа адамдармен араласуға көмектеседі», - деп жазды ол.

Әкім мәліметіне сүйенсек, сонымен қатар, төрт елді-мекенде (Өндіріс, Көктал, Ильинка, Железнодорожный) ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын жүргізіліп жатыр. Онда спортпен шұғылдануға арналған кабинеттерден басқа қарт адамдарға арналған тақырыптық клубтар, ХҚКО, полиция пункттері, пошта бөлімшелері және т.б. орналасады.

«Елорданы «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспары аясында дамытудамыз. Бұл аудандар полиорталықты және кез-келген жастағы тұрғындардың мүдделері/қажеттіктері ескеріледі», - деді Көлгінов.