Ақылы жолдардың 4 учаскесінен бюджетке 5,7 млрд теңге түседі

Автор: Azattyq Rýhy

Биылғы бірінші тоқсанда 5,8 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізіледі

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы ақылы жолдардың 4 учаскесінен бюджетке 5,7 млрд теңге түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

«Ақылы жолдардан 2021 жылы осынша мөлшерде алым жиналады деп жоспарланып отыр. Бұдан басқа, биылғы бірінші тоқсанда 5,8 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізіледі. Ал 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың тағы 5,2 мың шақырымы ақылы болады», - делінген хабарламада.