Жастарға арналған жалдамалы пәтерлерде заңсыздық көп

Автор: Azattyq Rýhy

Баспана иелері үйлерін өзге біреулерге жалға берген

Фото: ашық дереккөзден

Жұмысшы жастарға берілген жалдамалы пәтерлерде заңсыздық көп. Баспана иелері үйлерін өзге біреулерге жалға берген. Мұндай құйтұрқылыққа баратындар аз емес. Ал пәтерге қолы жеткендер қатарында бірнеше баспанасы барлар да кездеседі екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бағдарламаға іліну үшін кемінде 2 жыл қалада тіркелген болуыңыз қажет. Тек ол емес, жас азаматтың тұрақты жұмысы болып, атында жылжымайтын мүлік болмауы шарт. Демек, пәтерге қолы жеткендер үйсіз болса неліктен баспанасын жалға беріп жүр? Заңды елемейді емес шарасыздықтан жалдамалы пәтерді заңсыз паналап жүргендер де бар екен.

Мәселен, өзін Тасболат деп таныстырған елордалық жігіт пәтерін мемлекеттік бағдарлама арқылы үйге қолы жеткен отбасыдан жалдап тұруға мәжбүр. Себебі, жалдау ақысы арзан,-дейді. Мұндай қадамға барған отбасылар көп көрінеді.  

«Жас отбасымыз. Нұр-Сұлтанда тұрып жатқанымызға бірнеше жыл болды. Баспаналы болғымыз келіп, жастарға арналған бағдарламаға өтініш беріп едік, ол санат бойынша өтпей қалдық. Содан басқа да жолдарын қарастыра бастадым. Сол жалдамады пәтерден үй алған кісілер пәтерін маған жалға беретін болып келісті. Себебі олардың басқа да үйі болғандықтан осындай қадамға барған екен. Әрі пәтер құны да қатты қымбат емес», - дейді Тасболат.

Ал әкімдік өкілдері, шарт талаптары орындалмаса жалдамалы пәтер мемлекетке қайтарылады деп отыр. Заңбұзушылықтардың алдын алу үшін арнайы мониторингтік топ құрылыпты.

Тегтер: