Әлемде коронавирусқа қарсы вакцина салғандар саны 101 млн адамнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

АҚШ-та 32,8 млн адам екпе алды

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 101 млн адамнан асты, деп жазды Bloomberg. 

Агенттік 64 елде санақ жүргізген. Вакцинацияның орташа көрсеткіші —  күніне 4,25 млн доза. 

Вацинациялау бойынша көш бастап тұрған елдер:

АҚШ - 32,8 млн,

Қытай - 24 млн,

ЕО - 12,7 млн,

Ұлыбритания - 9,8 млн,

Израиль - 5 млн.

АҚШ-та вакцинаның бір дозасын 32,8 млн адам алған, вакцинацияның орташа деңгейі — күніне 1,3 млн адам. Джон Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, АҚШ-та вирус жұқтырушылар саны 26,3 млн адамды құрады. Ол әлі де жұқтырушылар саны бойынша көш бастап тұр. 

Одан кейінгі орында Үндістан (10,8 млн), Бразилия (9,2 млн), Ұлыбритания (3,9 млн) және Ресей (3,8 млн).

Тегтер: