БҚО-ға ресейлік «Спутник-V» вакцинасының мың дозасы жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

 26 екпе кабинетінде  жүзеге асырылады

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысына ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы әкелінді, деп хабарлады СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу жұмыстары облыста медицина ұйымдарының 26 екпе кабинетінде  жүзеге асырылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев, облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев алғашқылардың бірі болып коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.