Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты сот үкімі шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жазасын колонияда өтейді

Фото: ашық дереккөзден

Мәскеу қалалық соты ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

«Сот үкімі бойынша, Ив Роше" ісіне қатысты 3,5 жылға шартты соттау мерзімі колонияда өтеу туралы жазаға ауыстырылды. Үй қамауында өткен жылды ескере отырып, Алексей Навальный енді колонияда 2,5 жылын өткізеді», - деп жазылған хабарламада.