Дәрігерлердің айтуынша, олардың денсаулықтары қалыпты
Атырау облысы бойынша вакцинацияның бірінші күні 135 адам COVID-19-ға қарсы екпе алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметне сілтеме жасап.
«55 адам № 3 қалалық емханада, 70 адам Геолог емханасында және 10 адам № 2 облыстық ауруханада екпе салдырды. Екпе алынғандардың бәрі өздерін жақсы сезінуде. Денсаулықтары қалыпты. Жанама ешқандай әсері байқалған жоқ», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 24 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарында халықты вакцинациялау үшін орындар жабдықталған. Оның 15-і мемлекеттік ұйымдар, қалғаны - жеке меншік медициналық мекемелер.