COVID-19: «Спутник V» Қазақстанға жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Вакцина салу 1 ақпанда басталады

Фото: баспасөз қызметінен

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салу басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталады.

Бұрын қол жеткізілген келісімдер негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді.

Жалпы, ақпанда Қарағанды фармацевтикалық кешені 112 мың доза, наурызда 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын 600 мың доза вакцина жеткізеді.

Сондай-ақ, сәуірден бастап отандық QazCovid-in вакцинасын салдыруды бастау жоспарланып отыр, басында 75 мың доза мөлшерінде болатын ол ай сайын өсіп отырады.