Өткен тәулікте бұл диагноз 71 адамға қойылды
31 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«29 қаңтарда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 138 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47858, 569 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 743 жетті», делінген хабарламада.