Нұр-Сұлтанда үш көшеде тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Елордада электр желісінде апат болды

Фото: ашық дереккөзден

Елордада электр желісінде апат болып, бірнеше тұрғын үй жарықтан ажыратылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана-РЭК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

30 қаңтар күні сағат 20:58 кезінде «Сол жағалау» стансасының 407 нөмірлі 10 кВ ұяшығы апаттық жағдайда өшірілген. Бүгінгі таңда Сығанақ, Түркістан және Алматы көшелеріндегі 6 тұрғын үйде жарық жоқ.

Тұрғын үй кешендерінің қажеттілігін өтеу үшін дизель генераторлары орнатылып жатыр. Қазіргі уақытта Есіл ауданының 19 адамнан тұратын 5 бригадасы апат салдарын жоюға жұмылдырылған. Олар электр тарату желісінің жұмысын қалпына келтіруге атсалысып жатыр.