Ол 49 жаста еді
Informburo.kz ақпараттық-аналитикалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
М. Дорофеев журналистикадағы жолын Атырау облысында бастап, республикалық медиада – КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде (бас редактордың орынбасары) жалғастырған. Республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарды, оның ішінде «Астана қ. телевизиясы» ЖШС Бас директоры және «Эра» телекомпаниясы» ЖШС бас продюсері болып жұмыс істеген. Әр жылдары «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема» («Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» (Хабар) телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болды.
Михаил Дорофеев 49 жаста еді.