Облыста 15 жүк көлігі жолда қалған
Алматы облысында жолда қалған 15 жүк көлігі мен оның жолаушылары құтқарылды. Оқиға республикалық Үшарал-Достық жолында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жолда қалғандар жол жабылмай тұрып, шығып кеткен. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 29 қаңтар күні сағат 22:30 Үшарал- Достық бағытындағы трасса жабылды, онда барлық көлік түріне жүруге болмайды. Бүгін 30 қаңтар күні жолда қалған 15 жүк көлігі және көлік салонындағы 20 адам қар құрсауынан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ»,- делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.