Бұл қалалар қайтадан «сары» аймаққа кірді
Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «сары» аймаққа оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қызыл» аймақта Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
«Сары» аймаққа кіретіндер қатарында Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бар.
Елміздің қалған барлық өңірі «жасыл» аймақта тұр. ⠀