Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

70 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды

Фото: ашық дереккөзден

30 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«28 қаңтарда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 70 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 47 787, 566 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 605 жетті», - делінген хабарламада.