Ыстанбұлдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан азаматы Алматы әуежайына ұшып келген

көрнекі фото

28 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстан елдерінен 12 халықаралық әуе рейсімен 2 029 жолаушы келді. Үш қаланың әуежайына келген жолаушылардың 1 596-да теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 433 ҚР азаматында тиісті құжат болмаған.

Алматы әуежайына – 7 рейс (1 111 жолаушы, анықтамамен - 822, анықтамасыз – 289);

Нұр-Сұлтан әуежайына – 4 рейс (793 жолаушы, анықтамамен - 649; анықтамасыз – 144);

Орал әуежайына – 1 рейс (барлық 125 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Айта кетейік, 27 қаңтарда Қазақстанға ұшып келген 348 жолаушының бірінен коронавирус анықталды. Ол Алматыға Ыстамбул қаласынан ұшып келген.