ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Антикор пара алушыларды қоғамдық жұмыстармен жазалауды ұсынды

2020 жылы жемқорлық әрекеті үшін 210 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев қоғамдық жұмыстарды сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жаза ретінде белсенді қолдану қажет деп санайды.      

«Түрме адамды сирек тәрбиелейді. ЭЫДҰ (ОЭСР) елдерінде жемқорларды негізгі немесе қосымша жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тартуы кездейсоқ емес,

Атап айтқанда, Ұлыбританияда сотталғандарға «қоғамның қарызын қайтару» деген жазуы бар кеудеше кигізіп, оларға көше жұмыстарын жасатады. Писхологиялық тұрғыдан бұл тәсіл біршама тиімді әрі қоғам қылмыскерлерді танитын болады.

«Орта және орташа ауыр жемқорлық қылмыстары үшін қоғамдық жұмыстарға тарту қылмыстық заңнамамен реттелгеніне қарамастан, Қазақстанда соттар мұндай жазаны мүлдем тағайындамайды. Менің ойымша, ең алдымен күшті алдын алу әсері тұрғысынан бұл институтты күшейту қажет», - деді А.Шпекбаев.

Еске салайық, 2020 жылы жемқорлық әрекеті үшін 210 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 722 адам сотталды, оның ішінде 5 вице-министр, 1 облыс әкімі, 4 облыс әкімінің орынбасары, 2 жауапты хатшы, 2 комитет төрағасы, 1 елші, 5 судья, 10 аудан әкімі және олардың орынбасарлары бар.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан