Шаралар коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында қабылданып отыр
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысына карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мұхамғали Арыспаев алдағы жексенбі күндері, яғни 31 қаңтар мен 7 ақпан күндері дезинфекциялық шаралар жүргізу үшін қоғамдық көліктердің жұмысын тоқтату тұру туралы қаулы шығарды.
Сондай-ақ, Мәртөк ауданының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және аудан аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай мақсатында Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Н. Беркімбаева төмендегідей қаулы шығарды:
Мәртөк ауданының әкімі, құқық қорғау және арнайы органдар:
- 15 адамнан артық жиналмаған, алдын ала жазылу бойынша балалардың түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының;
- медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологияға алдын ала жазылу бойынша;
- банктердің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «Қазпочта» АҚ бөлімшесінің жұмыс уақытын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектей отырып;
- мектепке дейінгі мекемелерінде кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау;
- діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізбеу;
- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің (бұл ретте қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтықтан жұмыс жасауда қалады);
- қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспайтын сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеу;
- объектіде 1 келушіге 4 шаршы метр сақтаған кезде демалыс күнінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының;
- объектіде 1 келушіге 4 шаршы метр сақтаған кезде демалыс күнінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес сауда үйлерінің, сауда желілерінің;
- мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын дайындықтар);
- демалыстан басқа жұмыс күндері бассейндердің (1 келушіге 5 шаршы метр су беті есебінен алдын ала жазылу арқылы) қызметтеріне рұқсат беруді қамтамасыз етсін.
Қаулы 2021 жылдың 29 қаңтарынан бастап күшіне енеді.