Ауа райы: Қазақстанның бес облысында қалың тұман түседі

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің бес өңірінде қалың тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Сәрсенбі, яғни 27 қаңтар күні еліміздің бес өңірінде қалың тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ал екі облыста көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.     

27 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

27 қаңтарда күндіз, 28-29 қаңтарда тәулік бойы Қызылорда облысында жел солтүстік шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

27 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

27 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман болады.

27 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болуы мүмкін.

27-29 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.