Зейнетақыны уақытынан бұрын шешіп алу бойынша тағы екі оператор-банк анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандықтар зейнетақы қорына жинаған қаржысының бір бөлігін шешіп ала алады

Kapital.kz

Зейнетақы жинағының бір бөлшегін уақытынан бұрын шешіп алу операциясын енді тағы екі банк жүзеге асыра алады. Мұндай функция Altyn Bank пен «Банк ЦентрКредитке» беріліп отыр. Бұл туралы БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін зейнетақы жинағының бір бөлігін «Отбасы банк» пен Halyk Bank арқылы шешіп алуға болатыны туралы айтылған.

«Қазіргі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Отбасы банкпен», «Қазақстан халық банкі» АҚ-мен, «Altyn Bank» АҚ-мен және «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен келісімшартқа отырды», - делінген аталған хабарламада.