1 тамыздан бері коронавирус пневмониясынан 558 адам қайтыс болды
Қазақстанда тағы 3 адам пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
«24 қаңтарда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 37 адам емделіп шықты», - делінген хабарламада
1 тамыздан барлығы: ауырғандар саны 47 445-ке жетті, 558 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35220-ға жетті.