Банк қосымшасында 37 мыңнан арнайы шот ашылды
Біржолғы зейнетақы төлемі бойынша уәкілетті оператор болып бекітілген Halyk Bank-те зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мақсатында 37 мыңнан аса азамат арнайы шот ашты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Банк тұтынушыларына бұл қызмет түрін онлайн форматта жүзеге асыруды ұсынып отыр.
«Halyk Bank біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) арналған арнайы шот ашу бойынша оператор атанғалы 37 мыңнан астам арнайы шот ашылды. Арнайы шот ашу өте оңай. Яғни, банк тұтынушысы немесе тіпті тұтынушысы болмаса да, смартфонына банктің Homebank мобильді қосымшасын жүктеп алса жеткілікті. Жүктелген қосымшада онлайн түрде үйде отырып-ақ тегін тіркеліп, біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған арнайы шотты кез келген адам аша алады», - делінген хабарламада.
Алайда, қаржы мекемесі әзірге өтінім қабылдауды бастаған жоқ. Баспасөз қызметінің мәліметінше, БЖЗҚ атаулы бағыт бойынша келісімге қол қойғаннан кейін төлемдер алуға өтінімдер қабылданады. Ал, қаражат шотқа өтінімде көрсетілген сома мақұлданған жағдайда ғана аударылады. Салымшы шотына аударылған қаражатты 10 күн ішінде тиісті мақсатына пайдалануы тиіс («Отбасы банкте» 45 күн ішінде).
Сонымен қатар банк БЗТ алу үшін ашылған арнайы шоттың ерекшелігін тізіп көрсетті:
Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан