Жалған құжатпен шетелге тауар өткізіп келген атыраулыққа 7 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол тауарды шетелге жоғары бағамен сатқан

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан облыс тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Атырау қаласы №2 сотының үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлімінде және 385-бабы 1-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 500 АЕК мөлшерінде (7 292 500 теңге) айыппұл салынды.

Сондай-ақ 12 миллион теңгенің тауары мемлекет пайдасына айналдырылды.

Айыпталушы заңды кәсіпкерлік қызмет түрін көрсету мақсатында екі кәсіпорын атынан тауарларға жалған бухгалтерлік құжат (шот-фактура, тауарларды басқа жаққа жіберуге жүкқұжат және халықаралық тауарға ілеспе жүкқұжат) дайындаған, содан кейін тауарды шетелге жоғары бағамен сатқан.