Бүгінде қауіпті вирустан емделіп жатқан 49 пациенттің жағдайы өте ауыр
Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тоғыз адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылдың 23 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратқа сүйенсек, 25 983 адам короновирус инфекциясынан (14 277 КВИ+ және 11 706 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 723 пациент стационарда, 19 260 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 302 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.