Ол 16,8 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған
Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Атырау қаласында екі кәсіпорынның директорына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Кәсіпкер әйел қызмет бабын пайдалана отырып, Атырау облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген 16,8 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған.
2020 жылдың 4 желтоқсанында Атырау қаласы №2 сотының үкімімен аталған азаматша кінәлі деп танылып, оған қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды.