Теңіз кенішінде карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Атырау облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы қабалдады

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», - делінген облыстың бас санитар дәрігері қабылдаған қаулыда. 

Сондай-ақ, «Теңізшевройл» ЖШС-ға, Теңіздегі жедел штаб пен мердігерлік ұйымдардың, басқа да кәсіпорындар басшыларына COVID-19 ошақтарын оқшаулау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған науқастарды оқшаулау үшін Теңіз кен орнында қосымша карантиндік орындар ашу, шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру, вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды талапқа сай сәйкестендіру міндеттелді.