Коронавирустан емделіп жатқан 307 адамның халі нашар

Автор: Azattyq Rýhy

34 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр 

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 307 адамның халі нашар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

20 қаңтардағы мәлімет бойынша,  25 038 адам короновирус инфекциясынан (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 522 пациент стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  •  307 адамның жағдайы ауыр;
  •  61 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  •  34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.