Қостанай облысында 95 елдімекенді су басу қаупі бар

Автор: Azattyq Rýhy

Облыстағы 22 бөгет жөндеуді қажет етеді

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында 95 елдімекенді су басу қаупі бар. Аймақтағы төтенше жағдайлар департаменті 22 бөгет жөндеуді қажет ететінін айтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай мамандарының дерегінше аймақтағы 22 бөгет жөндеуді қажет етеді. Бірақ жергілікті атқамінерлер көктемгі тасқыннын алдын алуға қаражат әлі бөлмеген. Мамандар қазір қардың қалыңдығын өлшеумен ғана шектеліп отыр.   

«Қарасу, Әулиекөл, Меңдіқара аудандарында қазір жүр. Өлшеген кезде қардың қалыңдығы 14-16 сантиметр. Нормасы-16 сантиметр. Наурыз айында мұз жару жұмыстары жүргізіледі», - дейді Қостанай облыстық ТЖД бөлім басшысы Едрес Тәкенов.