Дегенмен, өңірде карантин жарияланбады
16 қыркүйек күні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Жамбыл облысында төрт адам сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен. Бұл ақпаратты аймақ басшысы Асқар Мырзахметов растады.
«4 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Олар ауруханға жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі таңда олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бір-екі күнде 4 адам да ауруханадан шығады», - деді облыс әкімі.
Осы фактіге қатысты тіпті қылмыстық іс қозғалған екен. Алайда, карантин жарияланбаған. Әкімнің айтуынша, өңірде карантин енгізу үшін Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ресми шешімі қажет.
«Қазір Ветеринария комитеті тарапынан облыс әкімдігіне ешқандай құжат келіп түскен жоқ. Сондықтан біз өздігімізден карантин енгізе алмаймыз. Қазір сібір жарасының неден шыққанын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Асқар Мырзахметов.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан