Қазақстанда 18 күннің ішінде 6 мыңнан астам қылмыс тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Оның 35-і кісі өлтіру фактісі

Фото: ашық дереккөзден

18 күннің ішінде Республика аумағында 6 жарым мыңға жуық қылмыс тіркеліпті. Оның 35-сі кісі өлтіру фактісі бойынша, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері 6484 қылмыс жасалды, оның 4321-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 35 кісі өлтіру қылмысын, 12 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіруді, 42 тонауды, 977 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», дейді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Мәселен, Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» қылмысы бойынша айтар болсақ, төменгі шегі 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Ата-анасының, өгей әкесінің, педагогтің осындай қылмысқа барғаны үшін санкция 17 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл норма бойынша 12-17 жыл бекітілген еді.

Пандемия басталғалы бері 2020 жылы қылмыс деңгейі 2019-дан қарағанда сәл төмендеу болған екен. Ішкі істер министрлігі келтірген дерекке қарағанда, өткен жылдың соңғы 8 айында Республика бойынша жиыны 115 мыңға тарта қылмыс тіркеліпті. Бұл мұның алдындағы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 34 пайызға төмен.

Тегтер: