Жол апаты Екібастұз – Солнечный кенті тасжолында болды
Екібастұз маңындағы жол апатында үш адам зардап шекті. Жедел медициналық көмек бригадасы оқиға орнына 10 минут ішінде келді. Екібастұз қалалық ауруханасына үш адам жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«47 жастағы ер адам мен 45 жастағы әйелде жабық бас миының жарақаттары мен контузия анықталды. 1984 жылы туған екінші ер адамға кеуде қуысының жарақаты диагнозы қойылған», - дейді өңірлік денсаулық сақтау басқармасында
Жол апаты Екібастұз – Солнечный кенті тасжолында болды.