Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен тағы 4 облыс тұр

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 17 қаңтар күнгі мәліметіне сәйкес, Қазақстанның 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Атап айтқанда, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.

«Сары» аймақта Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.