13 қаңтарда 280 қазақстандық ПТР-анықтамасыз келген
БАӘ мен Мысырдан ұшып келген төрт қазақстандықтан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
«ПТР-талдау нәтижелері бойынша 2021 жылдың 13 қаңтарында ҚР-ға анықтамасыз келген 280 қазақстандықтың төртеуінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде екі жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, тағы екеуі Дубай – Алматы рейсімен келді», - деп жазылған хабарламада.