Өткен тәулікте 71 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 101 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы, 1 тамыздан бастап коронавирустық пневмонияға 46 737 адам шалдықты, оның ішінде 34 422-сі жазылып шықты, қайтыс болды – 534 науқас. 

Жалпы, пандемия басталғалы коронавирус 167 118 адамда тіркелсе, соның ішінде 152 437-сі жазылды, 2349 науқас қайтыс болды.