Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл» аймақта Ақмола және Қостанай облыстары бар

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 16 қаңтар күні «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді.

«Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.