Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Боксшының шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан асып кетті

Фото: 24.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны жарияланды, деп жазады prosports.kz.

BoxRec таратқан мәлімет бойынша, боксшы алдағы айқасын 20 ақпанда өткізеді. Алайда оның қарсыласы кім болатыны әлі белгісіз.

Айта кетсек, Қанат Ислам былтыр 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетуі керек еді.

Алайда ол тұста Қанатқа қарсылас табылмаған. Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан асып кетті.