Ол бұл қызметке 2019 жылдың 19 наурызында тағайындалған еді
Мемлекет басшысының өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.
Әмірхан Рахымжанов 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентінде дүниеге келді. Семей педагогикалық институтын (тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы), Қазақ қаржы-экономикалық институтын (экономист-менеджер) бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылым докторы, профессор.
2008-2010 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2014-2015 жылдары Мәжіліс депутаты болды.