38 градус аяз болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Бейсенбі күні еліміздің бірнеше облысында қатты аяз болады

Бейсенбі, яғни 14 желтоқсанда ауа райының күрт суытуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Кей өңірлерде 37-38 градус аяз болуы мүмкін. Бұл тураллы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерде күші 15-20 м/с жетпек.
Шығыс Қазақстан облысының кей аумағында түнде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, ауа температурасы 28-33 аязға дейін төмендейді.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендейді.
Ал Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.