Мәжіліс депутаты мандатын иеленген 12 кандидаттың тізімі жарияланды
Бүгін «Ақ жол» партиясы орталық кеңесінің пленумы өтіп, онда Мәжілістің VII шақырылымына баратын депутаттарға мандат бөлінді. Партия пленумында бірауыз шешімімен төмендегі кандидаттар Мәжіліс депутаты мандатын иеленді:
Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың ақырғы қорытындысын жариялап, Мәжіліске сайлаушылардың ең көп даусын жинаған үш партия өтті.
Мәжілістегі депутаттық мандат: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясы - 10 мандат. Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліске сайланған тоғыз депутат бар.