Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Отырыста өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және осы жылға арналған міндеттер талқыланады

Қаңтар айының соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылға арналған міндеттер осы айдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралады», - деді премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында.

Айта кетейік, Парламент сайлауынан кейін министрлер кабинетінің өкілеттігі тоқтатылады.

Конституциялық заңға сәйкес, Үкімет Мәжілістің өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Мәжілістің алдында өз өкiлеттiгiн доғарады. Премьер-министр мен министрлер үкiметтің жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн өз мiндетін атқара бередi.

Өңір әкімдері өкілеттігін тоқтатпайды. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкімін тек президент тағайындай алады.