Коронавирус жұқтырған 283 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 283 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

12 қаңтардағы мәлімет бойынша,  23 403 адам короновирус инфекциясынан (11 499 КВИ+ және 11 904 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 711 пациент стационарда, 17 692 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 283 адамның жағдайы ауыр;

• 57 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.