Сейсенбі күні республиканың басым бөлігінде қар жауады
Сейсенбі, яғни 12 қаңтар күні күн суытып, еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, боран соғады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ болуы мүмкін.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде боран соғуы мүмкін.
Ақмола, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с болады.
Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз көктайғақ болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді, екпіні 30 м/с жетеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей аумағында жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 25 м/с жетеді.