Жаңа туған сәбилерге Сайлаугүл, Сайлаубек есімдері қойылып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

 Сайлау күні Жетісу өңірінде 90-нан астам сәби дүниеге келді

Фото: ашық дереккөзден

Сайлау күні Алматы облысында 94 сәби дүние есігін ашты. Саяси науқан кезінде туған сәбилердің көбі - ұл бала. Дәрігерлердің айтуынша, өңірде бала туу көрсеткіші жоғары. Облыс орталығы Талдықорған қаласында кеше 13 сәби дүниеге келген. Олардың 7-еуі ұл болса, 6-уы қыз бала. Елдегі саяси науқанмен тұспа- тұс туған балаларға Сайлау, Сайлаугүл, Сайлаубек сынды есімдер берілген.

«Мереке» күні дүние есігін ашқан шақалақ пен аналарының қазіргі жағдайы жақсы. Жаңа туған балаларға Сайлау, Сайлаубек, Сайлаугүл сынды есімдер беріліп жатыр. Айта кетсек, бүгін 10-шы қаңтарда елімізде Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті.  Жалпы, жыл басынан бері Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта 6050-ден аса сәби дүниеге келді. Биыл бала туу көрсеткіші жоғары. Өткен жылдың 12 айында 6600 ана босанса, биыл жыл соңына дейін 7000-ға жетеді», - деді облыстық перинаталдық орталықтың басшысы Қанат Жұмашев.

Ал Алматы қаласында кеше түнгі сағат 24:00 дейін 74 бала дүниеге келген. Олардың 41-і ұл, қалған 33-і қыз бала.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы