Сайлау күні Алматы облысында 100-ге жуық сәби дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

10 қаңтар күні туған балалардың алтауы -  ұл

Фото: ашық дереккөзден

Сайлау күні Алматы облысында 94 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 13 бала Талдықорған қаласындағы перзентханада туған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыс орталығында 10 қаңтар күні туған балалардың алтауы ұл.  Жалпы Талдықорғандағы перзентханада жыл басынан бері 6050 сәби өмірге келген. Ал облыс орталығында өмір есігін ашқан балалардың үлесі бұған дейін 7000 сәбиге дейін болған.