$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2021, 20:47
Жаңалықтар

Сайлау учаскесі ретінде пайдаланылған мектептердің бәрінде дезинфекция жасалады

Үшінші тоқсан барлық сыныптар үшін бекітілген кестеге сәйкес 11 қаңтарда басталады

Сайлау учаскесі ретінде пайдаланылған мектептердің бәрінде дезинфекция жасалады
көрнекі фото: akorda.kz

Сайлау кезеңінде республика бойынша 7 мыңнан астам мектептің 5 522-сі сайлау учаскесі үшін пайдаланылды; мектепке дейінгі 6 651 ұйымның 143-і; 644 орта білім беру ұйымының 215-і; 125 жоғары оқу орнының 53-і және 22 мектеп-интернаты мен спорт мектептері, 114 жоғары оқу орнының жатақханалары, сонымен қатар өзге білім беру ұйымдарында орналасқан 12 үйірме нысандары (мектеп оқушыларына арналған сарай, шығармашылық үйі, музыкалық мектептер) пайдаланылды.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, сайлау учаскесі ретінде пайдаланылған білім беру мекемелерінде сайлау аяқталғаннан кейін залалсыздандыру шаралары ұйымдастырылады.

Дезинфекциялық іс-шарадан соң мектеп қабырғасында кезекші сыныптар мен 9,11 сыныптар үшін дәстүрлі форматтағы оқу процесі әр түрлі уақытта (бірінші немесе екінші ауысымда) басталады.

Сайлауда пайдаланылмаған және дезинфекцияны аяқтаған ұйымдарда оқыту 11 қаңтарда мектеп қабырғасында (бірінші немесе екінші ауысымда) басталады. Дезинфекциялық іс-шара аяқталмаған білім беру ұйымдарының оқушылары 11 қаңтарда онлайн форматта, яғни қашықтан оқиды.

Осылайша, еліміздің барлық мектептерінде үшінші тоқсан бекітілген кестеге сәйкес 11 қаңтарда қашықтан немесе дәстүрлі форматта басталады.

Серіктес жаңалықтары