ОСК мәліметі бойынша, Қазақстанда тізімге енген сайлаушылардың 52,5 пайызы таңдау жасап үлгерді
Бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафинаның айтуынша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша елімізде тізімге енген сайлаушылардың 52,5 пайызы таңдау жасаған.
Сағат 16:00-ге дейін өңірлерде дауыс беруге келген азаматтардың пайыздық үлесі төмендегідей:
Сайлау учаскесіне қанша дауыс беруші келгені туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де және 20:00-де ұсынылады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар қатысты алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22:00-де ұсынылады.