Бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
Өскемен қаласының жүз жастағы тұрғыны сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғасыр жасаған әже сайлау учаскесіне барған жоқ, үйінде дауыс берді. Бюллетендер оның тұрғылықты мекен-жайына жекізілді.
Хауа Буланбаева сайлауға үнемі қатысатынын айтты. Осы жолы да өз даусын бере алғанына қуанып отыр.
«Қарт адамдардың дауыс беруі үшін үйіне келетіндері жақсы екен, өйткені оларға көмек қажет қой. Біздің дауыс та маңызды деп санаймын, - деген Хауа Буланбаева мұндай мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.