Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа енуі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Елордамен шекаралас жатқан Ақмола және Павлодар облыстары «қызыл» аймаққа енді

 

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 10 қаңтарда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа енуі мүмкін.

Бұған дейін, яғни 9 қаңтар күні Атырау облысы «қызыл» аймаққа кірген болатын.

Ал бүгінгі матрицада елордамен шекаралас жатқан Ақмола және Павлодар облыстарының «қызыл» аймаққа енгені белгілі болды. 

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары тұр.

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Жалпы, коронавирус бойынша Қазақстан қазірше «жасыл» аймақта тұр.