Тергеу изоляторындағы 5 мыңнан астам адам сайлауда дауыс беруге қатысып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу изоляторларында барлығы 6 мыңға жуық адам өзіне қатысты сот үкімін күтіп отыр

Парламенттік сайлауға тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам адам дауыс беруге қатысуда. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің фейсбуктегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.⠀

«Тергеу-қамауындағы адамдардың құқығын іске асыру мақсатында республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің 16 тергеу изоляторында орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін жабық сайлау учаскелері құрылған. Онда барлығы 5 мыңнан астам адам ҚР кезекті Парламент сайлауында дауыс беруге қатысып жатыр», - делінген хабарламада.⠀

Сондай-ақ, сайлау процесі өтетін үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және қадағалау қызметтері қамтамасыз етілген. Саяси процеске қатысушылар барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауда.⠀

«5 қаңтардағы жағдай бойынша қызыл және сары аймақтарда болған өңірлерде сайлау комиссиясының барлық мүшелері, оның ішінде байқаушылар да алдын ала ПТР-зертханалық тексеруден өтті», - деп жазылған.⠀

Қазіргі уақытта республиканың тергеу изоляторларында барлығы 6 мыңға жуық адам өзіне қатысты сот үкімін күтіп отыр.⠀