Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарын сайлауда дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Сайлау учаскесіне Үкімет басшысы алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық борышын орындауға келді.

Елімізде Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Оған елімізде тіркелген 5 саяси партия қатысуда.